Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Қыркүйекте Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд теңге жарна аударылды, деп хабарлайды қордың баcпасөз қызметі.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 105 млрд теңгеге жетті.
Оның 96,4 млрд теңгесі (91,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (8,2%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Қорға жиналған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Қаржы болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024