Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Қазақстанда спорттық киімдер мен аксессуарлар сататын "Мегаспорт" дүкендері жабылды. Бұл туралы forbes.kz хабарлайды.
«Мегаспорт» - Қазақстанда 2002 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі спорт дүкендер желісі. Жұмысты Астана қаласында мультибрендтер дүкені ретінде бастаған. Дүкендердің саны ашылған күннен бастап 15-ке жетеді. Алайда бірнеше жыл бұрын сауда орындарының біразы жабылып, Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Өскемен, Қарағанды қалаларындағы желілер қалған.
Осылайша, Қазақстан нарығында 15 жылан аса жұмыс істеген Мегаспорт барлық дүкендерін жабады. Мұндай ақпаратты компанияның өзі нақтылаған.
"Біз барлық дүкендерімізді жабамыз. Дүкен иелері осындай шешім қабылдады", - деп мәлімдеген компания өкілдері forbes.kz сайтына.
Ал Қазақстанның франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықовтың сөзінше, Ресейде, Беларусьте, Украинада мұндай атаудағы спорт дүкендері болғанмен, бұл сауда орны - қазақстандық.
"Мегаспорт" дүкендерінің жабылуы біз үшін күтпеген жағдай емес. Өйткені олар осыдан үш ай бұрын барлық ассортименттерге 40%-дан 80%-ға дейін жеңілдіктер жасап, сата бастады. Көбіне мұндай жағдай дүкендер жабылатын кезде болады", - дейді ол.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024