Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімін 17 қазанға дейін ұзарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылдың 17 қыркүйегінде сот қаулысымен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға 17 қазанға дейін ұзарту туралы қолдаухат қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталып, 20 сәуірден бері қамауда отыр. Ал аталған іске қатысы бар үшінші вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Ол іздестірілуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024