Экономика
Выбор редактора
Мейрам Пішембаев Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің (РКҚҚК) төрағасы болып тағайындалды.
РКҚҚК-тің жаңа басшысы, Мейрам Пішембаев, Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы. 1989 жылдан 2004 жылдар аралығындағы кезеңде «Ақсу» АҚ басқарма төрағасы, «Росмұнайдың» Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, «Қазнефтеком» ЖШС-нің вице-президенті, «Қазақойл» ҰМК-ның Павлодар МӨЗ-інде бас менеджер қызметтерін атқарды. 2004-2006 жж. – «Казахсельмаш» Корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы. 2007 жылдан бері – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиясы жанындағы РКҚҚК Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өткен жылдың маусым айында құрылған болатын. Аталған ұйымның міндеті партияның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік органдардың отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі күш-қуатын біріктіру болып табылады. Кеңес отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі нақты практикалық шешімдер, тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуге арналған қоғамдық сұхбаттасу алаңына айналуы тиіс. Оның құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдері мен белгілі сарапшылар кірді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024