Қазақстан мейрамханаларындағы импорттық тауарлар 30-40 пайызға қымбаттайды. AB Restaurants компаниясының атқарушы директоры Асқар Байтасов Kazakhstan Growth Forum шарасы кезінде осылай деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, девальвациядан кейінгі алғашқы күндері ритейлде (бөлшек сауда - 7kun.kz) дүрбелең байқалғанымен, мейрамханалар бизнестегі тұрақтылығын сақтап қалған. Алайда қазір жағдай өзгеріп, рестараторлар мәзірді қайта қарап, импорттық тауарларды алып тастап жатыр. Бұдан бөлек қазақстандық рестораторлар жалға беру бағасын көтеру деген қиындыққа тап болып отыр. "Барлық бизнестегі жалға беру долларға байланған. Сіз жалға беру бағасы туралы сұраған кез-келген сауда орталығы теңгеге америкалық долларды жалғап айтады. Әрине, қазір келіссөздер жүргізіп, нарықтың жалға беру бағасын көтеретін жағдайда емес екендігін түсіндіреміз. Сауда орталықтарындағы жалға беру бәсін бірыңғай теңгеге айналдыру үшін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жұмыс істеп жатырмыз",- деп атап өтті ол. Осыған дейін Асқар Байтасов девальвациядан бері жалға алу бағасы 35 пайызға артты деп мәлімдеген еді. Дегенмен, халық табысының азаюына қарамастан, А.Байтасов сатып алу қабілетінің төмендеуін күтпейді. Оның сөзінше, теңге құнсызданғаннан кейін де көрсеткіш сол қалпында тұр. "Мен өте үлкен құлдырау болады деп ойламаймын. Қазір әркім өзінің даму жоспарын құруы қажет. Шығындарды қысқартып, персоналды жұмыстап босатып, тауарлар бағасын арзандату деген сияқты шаралар қолдануға болады", - дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024