Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - Анықтамаларды енді Telegram мессенджері арқылы алуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Кеше SMS бойынша (мекен-жай туралы ақпарат, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысқаны туралы куәлік, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама) төрт танымал қызметті алуға мүмкіндік беретін Telegram-бот (@EgovKzKenesBot) іске қосылды. Оны пайдалану үшін азаматтардың ұялы телефондар базасында тіркелу керек, яғни телефон нөмірін eGov.kz порталының профиліне тіркеу қажет. Бұл тізімді кеңейту жақын арада жоспарланып отыр. Алынған ақпаратты телефонға сақтауға немесе оны электрондық поштаға жіберуге болады», - деді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024