Астанада халықаралық әуежайдың жаңа терминалы салынуда. Жалпы алғанда оның құрылысына 60 млрд теңге жұмсалады, оның ішінде 29 млрд теңге қаражат мемлекет қазынасынан бөлінеді. Бүл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президенті Роман Скляр хабарлады.
"Астана әуежайын салу және қайта құру кезінде шамамен 1500 жұмыс орны құрылады. Жоба құны - шамамен 60 млрд теңге. 60 млрд теңгенің 29 млрд теңгесі - бұл республика бюджетінің қаражаты, 17 млрд теңгені Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз ретінде алуды жоспарлап отырмыз және 14 млрд теңге "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тарапынан қаржыландырылады", - деп мәлімдеді вице-президент. Айта кететін жайт, жаңа әуежай құрылысымен Malcolm Construction Company швейцариялық компаниясы айналысады. Елорда әуежайында ескі "Қазаэронавигация" ғимараты бұзылып, жаңа терминалдың құрылмалары тұрғызылып бітті. "Қазіргі инженерлік коммуникацияларды шығару, терминалға арналған қазаншұңқыр дайындау жұмыстары жүрігізіліп, жаңа перроннның құрылысы басталып кетті. Осы жылы жаңа терминал ғимаратының темір-бетон металл құрылмалары монтаждалды, сонымен қатар сыртқы инженерлік желілерге қатысты жұмыстар аяқталды", - деді Р.Скляр. Оның айтуынша, келесі жылы жолаушылар терминалының сыртқы және ішкі өңдеу жұмыстары аяқталады. "Сондай-ақ ұшу-қону жолағы, бағыттау жолдары және әуе кемелерінің тұрақтары күрделі жөндеуден өтеді. Біз Астана қаласының әуежайын қайта құру жұмыстарын толығымен бірінші тоқсанда, яғни 2017 жылдың наурызында аяқтаймыз", - деп түйіндеді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024