Экономика
Мемлекет басшысы жанармай бағасының көтерілуіне түсіністікпен қарауға шақырды
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен кездесуі кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Казинформ.
"Аи-92 және Аи-95 жанармайының бағасын мемлекеттің реттеп отырмайтындығын қалыпты қабылдау қажет. Егер біз мұны жасамағанда, бір айдан кейін тіпті бензин болмайтын еді. Оларда басқа, бізде басқа. Бұл - экономика заңы, басқа ештеңе істей алмайсың. Теңестіру қажет. Біз ашық кеңістіктеміз, шекара жоқ, кеден жоқ. Сондықтан осындай шара қабылдауға тура келеді, бұған түсіністікпен қарау қажет", - деп атап өтті Н.Назарбаев. Сондай-ақ жиналыс кезінде ҚР президенті нан бағасының қымбаттауына қатысты тақырыпты қозғап, нарыққа байланысты бағаны реттеп отыруды ұсынды. "Біз тұтынушыларға субсидия беріп, бағаны қалыпты қылуымыз қажет. Қазір ол - ретсіз. Сол кезде ақшаларыңыз болады", - деп атап өтті Н.Назарбаев Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан әкімдерімен кездесуінде отандық тауар өндірушілерге арналған сөзінде. "Біздің ақшаны төмен жалақы алатын мамандарға беріп, соларға көмек беріп отырғанымыз жақсы. Батыста ешкім реттеу салмайды. Бағаны нарық анықтайды. Ал біз ұстап отырмыз. Кеңестік кезеңнен әлі арыла алмай келеміз. Әрине, халықтың табысымен де санасу қажет", - деп атап өтті мемлекет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024