Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтіргендер кімдер?

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтіргендер кімдер?

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан материалдық шығын көлемі шамамен 4 млрд теңгені құрады.

Өндірісте 1 мыңнан астам іс қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 152 іс тергеумен аяқталды.

Материалдық залалдың ең көп сомасы ауыр құқық бұзушылықтар тарапынан – 3,96 млрд теңге болды. Ауырлығы орташа қылмыстар – 24,1 млн теңге, орташа ауырлықтағы қылмыстар қылмыстар – 145 млн теңге залал келтірген.

Тәртіп бұзушылық түрлері бойынша қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану көш бастап тұр, 3,9 млрд теңге шығын шықты. Пара беруден болған зиян 145 мың теңгені құрады, ал пара алғаны үшін ешкім ұсталған жоқ.

Бұдан басқа, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап етушілер 31,9 млн теңге, алаяқтар 15,8 млн теңге, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) 972,3 мың теңге, қызмет бабында жалған құжат жасау 23,1 млн теңге.

Сонымен қатар, қаңтар айында 2,9 млрд теңге тәркіленіп, ерікті түрде өтелді.

Похожие материалы