Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 5,3 трлн теңгеге толықты. Оның 70%-ын, яғни 3,7 трлн теңгесін салық түсімдері қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды finprom.kz.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет 5,3 трлн теңгеге толықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға (5 трлн) артық. Мемлекеттік бюджет толуының негізгі көзі салық түсімдері (барлық түсімдердің 69,8%-ы) болды. Ол 13,8 пайызға артып, 3,7 трлн теңгені құрады. 1 жыл бұрын оның көлемі 3,2 трлн теңге болған еді.
Кірістің келесі ауқымды бөлігін трасферттер құрайды. Оның есебінен еліміздің бюджеті 1,4 трлн теңгеге ұлғайды. Ал, салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің жалпы көлемі 150,6 млрд теңгеге жетті.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет түсімдері (қаңтар-маусым) 2,1 трлн теңгеге немесе 66,8%-ға артты. Бұл ретте ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы соңғы 5 жылдың ішіндегі ең кірісті кезең болып отыр. 6 айдағы мемлекеттік бюджеттің орташа кірісі 8,8 пайыздық қарқынмен тұрақты өсіп келеді.
Салық түсімдері құрылымындағы негізгі кіріс көздері - тауларлар, жұмыстар мен қызметтерге арналған ішкі салықтар. Ол жыл басынан бергі алты айдың ішінде 1,4 трлн теңгені құрады. Табыс салығының түсімі 1,2 трлн теңге болды. Бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,5%-ға артық. Бұл кәсіпорындар мен қызметкерлердің табысы өскендігін көрсетеді.
Халықаралық сауда мен ішкі операциялардың жиынтық салығы 619,4 млрд теңгені (бір жыл бұрын 529,7 млрд теңге болған еді) құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024