Экономика
Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жұмыстың тиімділігі мен нәтижесіне байланысты болады
Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жұмыстың тиімділігі мен нәтижесі бойынша белгіленеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.
«Еңбекті бағалаудың жаңа әдісі енгізілді, жұмыстың нәтижесі мен өнімділігінен мақсатты көрсеткіштер белгілі болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша еңбекақыны төлеу осы жүйеден шығып есептеледі. Барынша тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкер қосымша бонустарға ие болады», - деді С.Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданды. Аталмыш құжатты депуттарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров таныстырған болатын. Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның дербестігіне бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірлеген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024