Әділ Өтембаев 2001 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін мұнай және газ саласындағы инженер-экономист мамандығы бойынша, 2012 жылы іскерлік әкімшілеу магистрінің дәрежесін ала отырып, Массачусетс технологиялық институтының Альфред Стоун атындағы басқару мектебін (Кэмбридж қаласы, АҚШ) тәмамдады.
2001 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасының салық органдарында жұмыс істеп, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мен халықаралық салық салу мәселелерімен айналысты. 2006 жылдан бастап жекеше секторда түрлі басқарушылық позицияларда еңбек етті. Тағайындауға дейін «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС құрылтайшылары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (қатысу үлестері 75 %) мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ (қатысу үлестері 25 %) болып табылады.
Экономика
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығының басшысы тағайындалды
Әділ Өтембаев «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024