Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің кірістері 3 трлн 993 млрд теңгені құрады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайыл мәлімдеді.
Есептік кезеңде мемлекеттік шығыстар 4 трлн 128 млрд теңгеге атқарылды. 1 мамырдағы жағдай бойынша 316 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражат қалдықтары қалыптасты.
«Мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша есептілік кезеңінің жоспары 103,9%-ға, оның ішінде республикалық кірістер – 100,9%-ға, жергілікті бюджеттер – 113,5%-ға асыра орындалды», — деді Ә. Смайылов.
Қаңтар-сәуір айларында республикалық бюджетке 2 127 млрд теңге түсті. Бұл жоспардан 19 млрд теңгеге, ал 2018 жылдың сәкес кезеңіне қарағанада 345 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны 119,4% құрады. Асыра орындау негізінен 13 млрд теңге көлеміндегі салықтық емес түсімдер есебінен қамтамасыз етілді.
«Жергілікті бюджеттердің кірістері 91 млрд теңгеге артығымен орындалып, 761 млрд теңгені құрады. Асыра орындаудың жалпы сомасының 74 млрд теңгесі жергілікті салықтарға тиесілі. Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,8%-ға, республикалық бюджет шығыстары – 98,3%-ға және жергілікті бюджеттер – 98%-ға атқарылды», — деді Ә. Смайылов.
Қаржы министрінің хабарлауынша, ағымдағы жылы өңірлерге бөлінетін нысаналы трансферттер көлемі 1 638 млрд теңгені құрайды. Бюджетті нақтылау кезінде нысаналы трансферттердің сомасы 873 млрд теңгеге ұлғайтылды. Олар азаматтық қызметшілердің, оның ішінде мұғалімдердің, медицина, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек шараларын күшейтуге, оларға тұрғын үйді салуға, «Ауыл – ел бесігі», «Жас маман» жобаларын іске асыруға бағытталды.
«Есепті кезеңде жергілікті бюджеттерге 266 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 13 млрд теңгесі – жаңадан бөлінген қаражаттар атаулы әлеуметтік көмекке және тұрғын үй салуға аударылды. Жергілікті атқарушы органдардың алдын ала деректері бойынша нысаналы трансферттер 96,5%-ға игерілді», — деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024