Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Метрополитен: жеңілдетілген жол ақысын қосу әзірге жоспарда жоқ

Метрополитен: жеңілдетілген жол ақысын қосу әзірге жоспарда жоқ

1 қазаннан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктеріне "Оңай" электронды билет беру жүйесі қосылған еді. Метрода әзірге бұл жүйе іске қосылмады. Бұл жөнінде vlast.kz хабарлайды.

Жаңа жүйе бойынша зейнеткерлерге, студенттерге және мектеп оқушыларына жол ақысын төлеуде жеңілдіктер қарастырылды. Олар әлеуметтік жеке төлем карталарын алады да, жол ақысы үшін 40 теңге төлейді.
«Бұл тақырыпқа қатысты бізде әлі талқы болмады. Зейнеткерлер, басқалары да жол ақысын толық төлеп жүр. Жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін», – дейді "Метрополитен" КМК баспасөз хатшысы Ажар Қабиева. Бүгінде алматылық метрода жол ақысы -80 теңге. 7-15 жас аралығындағыларға 40 теңге, 7 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Похожие материалы