Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Microsoft компаниясы Microsoft Innovative Education Expert бағдарламасына сарапшы педагогтарды жинап жатыр. Бағдарлама мақсаты – бүкіл әлемдегі көрнекті оқытушылардың еңбегін ынталандыру.
Сарапшы-педагогтарды Microsoft-тың аймақтық өкілі оқытушылардың жіберген анкетасына, инновация деңгейіне және оқу іс-әрекетінде Microsoft технологияарын қолдану сапасына қарап іріктейтін болады.
Олар Microsoft корпорациясымен тығыз ынтымақтаса жұмыс жүргізеді. Microsoft олардың берген кеңестерінің көмегімен білім беруге арналған жаңа өнімдер мен құралдарды дайындап шығарады. Сондай-ақ, озық әдістемелермен алмасып, оқытуға арналған инновацияларды бірлесе дамытады. Әлемнің әртүрлі елдерінде өткізіліп тұратын Microsoft Еducator Exchange (E2) жыл сайынғы конференциясы аясында ең үздік педагогтар өздерінің әріптестерімен тәжірибе алмасады.
2017 жылы Қазақстанның сарапшы-педагогтары Торонто (Канада) қаласында өткен конференция жұмысына қатысты. Ал 2018 жылы Сингапурда өткен Е2 форумына Алматы қаласындағы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқытушысы Ерасыл Мамырбеков қатысты.
«Корпорацияның іріктеп алған ең үздік 300 новатор-педагогының қатарына кіргеніме мен аса қуаныштымын. Е2 конференциясының басты тақырыбы - инновациялық әдістерді қолдана отырып оқу ортасын түбегейлі түрде өзгерту, ал бұл мәселе әрбір ел үшін өзекті. Форум кезінде мен Венгриядан, Чехиядан, Грециядан, Оңтүстік Африкадан және Камеруннан қатысқан мамандармен бір командада жұмыс жасап, білім беру саласындағы көкейтесті мәселелер мен сын-тегеуріндерді ең үздік сарапшылармен талқылауға мүмкіндік алдым», - деп атап өтті Ерасыл Мамырбеков.
Microsoft Innovative Education Expert-2018 бағдарламасына өтінімдерді жинау мерзімі 27 шілдеге дейін жалғасады. Іріктеу нәтижелері 23 тамызда жарияланады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024