Microsoft компаниясының өнімдер дизайны басшылығына Adobe компаниясында Photoshop және өзге де қосымшаларды ойлап тапқан Майкл Гох келді.
Microsoft компаниясы Adobe Systems компаниясының қолданушылар дизайны бойынша басшысы Майкл Гохтың Microsoft Applications and Services Group (ASG) бөлімшесіне басшы болып келгенін хабарлады. Microsoft-та Гох Office 365 дизайнына және өзге де түйінді бағдарламалардың шешімін табуға жауап береді деп хабарлайды TechCrunch. Ол ASG бас директоры Джули Ларсон-Гриннің (Julie Larson-Green) қол астында қызмет етеді. «Майкл біздің өнімді қолданушыларға арналған тиімді әрі түсінікті өнімдерді дайындау туралы көзқарасымызды қолдайды. Оның дизайн саласындағы тәжірибесі және шығармашылық қабілеті біздің топтың жұмысына оң әсер етеді және біз бәсекелестерімізден оқ бойы озық жүретінімізге сенемін» , — хабарлады Ларсон-Грин. Өзінің жұмысы туралы ақпарат берген Гох Microsoft компаниясында «адамның сандық өмірінің барлық аспектілерін біріктіре алатын керемет мүмкіндіктер» бар екенін айтты. Гохтың Adobe компаниясындағы соңғы жобаларының бірі Ink стилусын және Apple iPad планшетіне арналған Slide сандық сызғышын дайындау болатын, деп хабарлады GeekWire. Adobe компаниясында қызмет еткенге дейін Гох Nike компаниясының киімдерінің дизайнына жауап берген, сондай-ақ Quokka Sports-тың креативті директоры болған. Гох қызмет атқаратын Applications and Services Group бөлімшесі 2013 жылы шілде айында құрылған. Оның құрамында Microsoft Business Division, Bing және Skype-тың бұрынғы қызметкерлері жұмыс істейді.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024