Алматы. 20 қараша. 7kun.kz – Михаил Ломтадзе банк пен банктік холдингтің ірі акционері болу туралы заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің рұқсатымен Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің ірі акционері болды.
«Біз Kaspi Bank, Kaspi Магазин, Kaspi-дің барлық өнімдері мен қызметтерінің иесі және басқарушысы Kaspi.kz компаниясын IPO-ға шығаруды жоспарлаудамыз», - деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе. - «Соған сәйкес мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банк берген келісімді пайдаланып, Kaspi.kz-тің ірі акционері болуды және Kaspi.kz басқарма төрағасы қызметін атқаруды шештім. Жақын уақытта біз қазіргі уақытта Kaspi Bank-тің басқарма құрамындағы Павел Миронов, Юрий Диденко мен Тенгиз Мосидзенің Kaspi.kz компаниясының басқарма құрамына тағайындалғанын хабарлаймыз. Олар қазіргі қызметін бірге атқарады. Павел Миронов Kaspi.kz-тің басқарма мүшелігімен қатар Kaspi Bank-тің басшысы міндетін атқарушы қызметін қоса атқарады».
Kaspi Bank-тің акционері және Директорлар Кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким Kaspi.kz-тің Директорлар кеңесін де басқарады.
«Біз тек банк қана емеспіз. Kaspi.kz-миссиясы сүйікті клиенттерінің өмірін жақсарту ға бағытталған инновациялық қызметтер жасауға негізделген жоғары технологиялық компания», - дейді Михаил Ломтадзе. - «Жақында біз халықаралық нарықтарға шығып, 2019 жылы Лондон қор биржасында IPO өткізу туралы жоспарымызбен бөлістік. Бұл Kaspi-дің жаңа даму кезеңі және біз бүкіл әлемге Kaspi.kz туралы айтып, Қазақстанды әлемнің инновациялық картасына қоуға сенімдіміз. Біздің әрбір клиентімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз! Сіздердің қолдауларыңыз бізді инновациялық қызметтерді іске қосуға шабыттандырып, тұрақты дамуға жетелейді».