Михаил Ломтадзе: «Kaspi.kz – Қазақстанда құрылған компания. Бұл бәріміз үшін үлкен мақтаныш!».
Қазақстан цифрлық дамуда үлкен секіріс жасап, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналды. Бұл өтіп бара жатқан 2021 жылдың соңында Қазақстандағы көптеген бизнес-форумдар мен кездесулер және инвесторлар үшін негізгі тақырып болды.
Жақында Нұр-Сұлтанда өткен G-Global форумы әлемдік саясаткерлер, жетекші халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен ірі қазақстандық компаниялар басшыларының басын қосты. Форум тақырыптарының бірі тағы да Қазақстандағы инновациялардың қарқынды дамуы болды.
«Біздің келесі спикер цифрлық инновациялар туралы айтуға өте лайықты», - деді форум жүргізушісі, жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің атқарушы директоры Марк Узан, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзеге сөз бере отырып.
«Біздің барлық жұмысымыздың негізінде адамдардың өмірін инновациялар мен технологиялар арқылы жақсартуға деген ұмтылыс жатыр және біз бұл жолда үлкен жетістікке жеттік, - деп атап өтті Михаил, - Kaspi.kz бүгінде әлемдегі жетекші финтех компанияларының бірі, басқа көптеген компаниялар үшін үлгі. Kaspi.kz Қазақстанда құрылған компания екенін және біздің барлық өнімдеріміз бен қызметтерімізді Қазақстандағы командамыз әзірлейтінін ерекше атап өткім келеді».
Kaspi.kz бизнес-моделінің негізінде суперқосымша тұр. «Бүгін барлығы суперқосымшалар туралы айтып жатыр, бірақ Kaspi оны 2017 жылы іске қосты. Ол кезде әлемде алғашқы суперқосымшалар енді ғана пайда бола бастады», - деп еске алды Kaspi.kz басшысы.
Суперқосымша – бұл мобильді қосымша, ол арқылы пайдаланушылар әртүрлі қызметтерге қол жеткізе алады.
Kaspi.kz-тің бірегей бизнес үлгісі туралы айта келе, Михаил әрбір қызмет туралы қысқаша айтып берді. Оның айтуынша, Kaspi.kz-тің алғашқы онлайн қызметі комиссиясыз төлемдер болды. Бүгінгі таңда суперқосымшада коммуналдық қызметтер мен ұялы байланыстан бастап, салық пен білімге дейінгі 5000-нан астам қызметке төлеуге болады. «Мобильді төлемдер мен аударымдар – бұл ел экономикасын қолма-қол ақшадан қолма-қол емеске айналдырған серпінді өнім», - деп атап өтті Михаил.
Kaspi Gold Қазақстандағы ең танымал картаға айналды - оны 9 миллионнан астам адам пайдаланады. Kaspi.kz өткен жылы QR-код бойынша төлемдерді іске қосты және қазір елдегі кең таралған төлем әдісі болып табылады.
Kaspi.kz-тегі Магазинде қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен 1,5 миллионға жуық тауар ала-алады. Бұл өнімдерді сатумен айналысатын серіктестердің дені қазақстандық компаниялар, шағын және орта кәсіпорындар, отандық брендтер. Kaspi.kz көмегімен олар дамиды, бизнесін кеңейтеді.
Жеке қаржы менеджменті - бұл компанияның дамуы бір кездері басталған жер. Бүгінгі күні Kaspi.kz қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады, соның ішінде бөліп төлеу, тұтынушылық несиелеу және депозиттер бар.
Жаңа туристік бағыт – теміржол және әуе билеттерін онлайн сатып алу белсенді дамып келеді. «Біз қазақстандықтардың күнделікті қажеттіліктеріне сәйкес онлайн қызметтерді жасай отырып, үнемі инновацияларды енгізуеміз», - деп түсіндірді компания басшысы.
Өткен жылы Kaspi.kz «Мемлекеттік қызметтер» қызметін іске қосты. «Локдаун кезінде біздің команда Ұлттық банкпен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жәрдемақыны онлайн алу үшін шот ашу қызметін енгізу үшін аянбай жұмыс істеді. Бұл қызмет қазақстандықтарға қолжетімді болуы үшін біз тәулігіне 25 сағат жұмыс істедік», - деді Михаил, - Осындай ғажап еңбектің нәтижесінде біз суперқосымшамыз арқылы мемлекетке әлеуметтік төлемдерді онлайн бөлуге көмектесе алдық. Қазақстандықтар 7 миллионға жуық мемлекеттік жәрдемақы алды, оның үштен екісіне жуығы Kaspi.kz арқылы».
Бүгінгі таңда Kaspi.kz суперқосымшасындағы мемлекеттік қызмет бөліміне 7 миллионнан астам адам кіреді: олар COVID-статусын тексереді, салық төлейді, жеке кәсіпкерлікті тіркейді, көліктерін қайта тіркейді, зейнетақы, жаңа туған нәрестеге арналған жәрдемақы және т.б. алады. «Бұл компания мен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді азаматтарға қолжетімді ету үшін бірлесіп жұмыс істеуінің тамаша мысалы», - деді Михаил Ломтадзе.
Қазірдің өзінде Kaspi.kz суперқосымшасын 11 миллионнан астам адам пайдаланады. Олардың 6,5 миллионы күн сайын қосымшаға кіреді. Яғни, он адамның алтауы күн сайын Kaspi.kz мобильді қызметтерін пайдаланады. Қолдану деңгейі 60% құрайды және бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. «Өткен жылы біз ШОБ-пен жұмыс істей бастадық, - деп қосты Михаил, - Кәсіпкерлерге өз бизнесін тиімді басқаруға арналған қызметтер қажет. Сондықтан, біз Kaspi Pay мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қостық, оның көмегімен кәсіпкерлер QR коды арқылы төлемдерді қабылдай алады, өз клиенттеріне лезде қашықтан шот жібере алады, сондай-ақ бизнестің өсуі мен дамуы үшін қаржы ала алады. Бұл көптеген компанияларға өте маңызды және өзекті қызметтер жиынтығы. Өкінішке орай, бұл нарықтағы көптеген дәстүрлі ойыншылар ШОБ үшін жоғары сапалы өнімдерді ұсынбады. Біз мұндай өнімдерді енгізе бастағанда, біз бірден айтарлықтай өсімді байқадық».
Kaspi.kz күш-жігерінің арқасында Қазақстан экономиканы цифрландыруда керемет жетістікке жетті. Егер бүкіл 2016 жылы елде бар болғаны 1,3 триллион теңгеге қолма-қол ақшасыз операция жүзеге асырылса, 2021 жылға 70 триллионнан астам болады деп болжануда. Қазір 2016 жылмен салыстырғанда екі апта ішінде қолма-қол ақшасыз операциялар көбірек өңделеді. «Бұл керемет прогресс небәрі 5 жылға созылды. Әлемнің кез келген экономикасы үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу ең маңызды өзгерістердің бірі екеніне сенімдімін. Біз мұны өте қысқа мерзімде орындадық», - деді компания басшысы.
Мәселен, Kaspi төлемдерді қабылдауға арналған бірнеше құрылғы жасап, 215 мыңнан астам осындай құрылғыларды кәсіпкерлерге тегін таратты. Бір жылдың ішінде Kaspi өнімдері мен қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындардың саны 5 еседен астам өсті және өсуді жалғастыруда. «Біз бұған қатты шабыттандық. Біз нарыққа кірген кезде ШОБ үшін жоғары сапалы өнім болмағанын тағы бір рет атап өткім келеді», - деді Михаил.
2016 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың 13%-ы ғана болса, қазір – 78%. «Бұл экономикаға орасан зор пайда әкеледі, ЖІӨ өсуіне көмектеседі», - деді Михаил Ломтадзе, - қолма-қол ақшасыз төлемдер ақша ағынының ашықтығын арттырады және ақша ағынының құнын азайтады. Ал адамдарға ыңғайлы және тиімді онлайн төлем әдістері ұнайды. Қазақстан бұл бағытта өте күшті, түбегейлі өзгерістерге қол жеткізді!».
G Global-дағы сөзін қорытындылай келе, Михаил Ломтадзе: «Көпшілік Қазақстанды тек шикізатқа негізделген экономикасы бар мемлекет деп санап келген. Енді бәрі Қазақстан туралы – Kaspi.kz сияқты компаниялардың отаны ретінде айтып жатыр. Гарвард бизнес мектебі екінші курс магистранттарын оқыту үшін Kaspi.kz туралы кейс жазды. Біз Kaspi.kz Қазақстанда құрылған компания екенін мақтан тұтамыз және барлық технологияларды біздің команда осында әзірлеген. Бұл бәріміз үшін үлкен мақтаныш!», - деді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024