Михаил Ломтадзе: «Қазақстандық банк секторы шетелдік компаниялармен бәсекелестіктен неге қорқады?»
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қалай көтеріле алатынын айтып берді.
Қаржыгерлердің IX конгресінде Михаил Ломтадзе Қазақстандағы цифрлық дамуға деген көзқарасымен бөлісті.
«Қазақстан инновацияда, финтех өнімдерін жасауда бұрын-соңды болмаған секіріс жасады. Бұл өнімдер бүгін және дәл қазір қазақстандықтардың өмірін жақсартуда", - деді Михаил Ломтадзе, - Инновацияның драйвері тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде көпшілікке үлгі Kaspi.kz болып отыр. Kaspi.kz компаниясы Қазақстанда құрылды және біздің команда барлық әзірлемені Қазақстанда жасайды».
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі сонымен қатар қазір қазақстандықтардың қолма-қол ақша алып жүрмейтінін, тауарды жеткізу арқылы сатып алатынын, төлемдерді комиссиясыз төлейтінін, автокөліктерді қосымшада тікелей онлайн тіркейтінін атап өтті. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұндай нәрсе мүмкін екенін ешкім елестете де алмайтын. «Кез-келген қаржы институтын алып қараңыз бәрі инновация жасауда, дижиталдандырумен айналысады. 2-3 жыл бұрын мұнымен ешкім айналыспайтын, қазір бәріне маңызды басымдыққа айналды», - деп атап өтті Михаил.
«Технологиялар мен инновациялар қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартып, еліміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деп қосты Михаил Ломтадзе, - Біз үлкен жетістікке жеттік және цифрлық қызметтерді одан әрі дамытуға әлі де үлкен әлеуетіміз бар».
Михаил саладағы әріптестерінен қазіргі реттеу инновациялық қызметтерді құруға және дамытуға мүмкіндік бермейді деген шағымдарды жиі еститінін атап өтті. Және дамудың қосымша мүмкіндіктерін жасауға көмектесетін үш қадамды ұсынды.
1.Қаржы институттарына бизнес ашып, дамыту үшін активтерді сатып алуға мүмкіндік беру
Михаил Ломтадзе, мысалы, Халық банкінің Қазпоштаны жекешелендіруге қатысуды жоспарлап отырғанын, басқа қаржы институттары ұялы байланыс операторларын сатып алып жатқанын түсіндірді.
Мұндай сатып алулар қазақстандықтарға бизнесті кеңейту мен инновациялық қызметтерді құру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін. «Бірақ сақ болу керек, - деп қосты Михаил, - өйткені бұл сатып алулар салымшылардың есебінен жүзеге асырылады. Реттеу бәрібір қажет, бірақ мұны жеңілдету қажеттілігі де бар».
2. Ашық банк платформасын жасау - Open API
«Ашық банктік платформа барлық ойыншыларға банктік ақпарат пен клиенттерге қол жеткізуге тең мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Kaspi.kz басшысы – Қазір барлығы инновациялық қызметтерді жасауда, бұл арқылы жылдам әрі қаржылық қызметтерді азаматтарға қазіргіден де қолжетімді жасайды». Тамаша ғой! Біз бұл туралы көп талқыладық, енді мұнымен бірдеме істеу керек».
3. Қазақстандық және халықаралық технологиялық компанияларға, шетелдік қаржы компанияларына ашық банктік платформаға рұқсат беру
«Әріптестер мұнымен келіспейтін шығар, бірақ біз технологиялық компанияларға Open API-ге рұқсат беруіміз керек. Бұл қазақстандық технологиялық компаниялар, халықаралық технологиялық компаниялар және тіпті шетелдік қаржы институттары. Біз неден қорқамыз? Неліктен Қазақстанның банк секторы шетелдік банктік немесе технологиялық компаниялармен бәсекелесуден қорқады? », - деп сұрады Михаил, - «Біз олардың қазақстандық нарыққа кіруін жеңілдетуіміз керек. Бұдан тұтынушы ұтады, бәсекелестік болады. Соңғы 2-3 жылда біз бір-бірімізге қозғау салдық, бәрі жаппай диджиталдандырумен айналыса бастады. Егер шетелдік технологиялық компаниялар мен қаржы институттары кірсе, біз бұдан да жылдам дамитын боламыз – бәсекелестік жақсы!».
«Біз Kaspi тарапы бәсекелестіктен қорықпаймыз, бірақ біз әріптестеріміздің шетелдік компаниялардың кіруіне қарсы екенін білеміз», - деді Михаил сөз соңында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024