Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Миллион доллар пара алған Ни сотталмайтын болды

Миллион доллар пара алған Ни сотталмайтын болды

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - Миллион доллар пара алғаны үшін тұтқындалған «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының (ХШСО) экс-президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты қылмыстық істер алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына жауабында айтқан.

Сонымен қатар, қылмыстық әрекетке қатысы бар деп танылған ХШСО инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаевадан да тағылған айып алынып тасталды.

"Прокурордың ұсынысымен сотталушылардың үстінен бұған дейін қылмыстық іс қозғалмағаны, жұмыс орны мен тұрғылықты мекен-жайы жағынан тек оң мінездеме берілгендігі, сонымен бірге, екеуі де кінәларын толық мойындағаны және Сайдуллаеваның кішкентай баласы барын ескере отырып, ҚР қылмыстық кодексінің 1 бөлімінің 65 бабы бойынша жауапкершіліктен босатылды" делінген жауапхатта.

Еске салсақ, 2016 жылдың жазында Василий Ни «Тюлпан Хоргос» ЖШС төрағасынан қонақүй кешені құрылысынан жүргізуге жариялаған байқау жеңімпазы жасау үшін бір миллион доллар заңсыз сыйақы талап еткен. Ни ойындағысын жүзеге асыру үшін бұл іске Махаббат Сайдуллаеваны да араластырған.

Олар 2016 жылдың 5 қыркүйегінде күдіктілер пара алу кезінде ұсталды. Кейіннен Василий Ни 2 айға қамауға алынды деп хабарланды.

Похожие материалы