Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойылды

Міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойылды

Астана. 1 шілде. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамаға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Құжат міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.

2018 жылдың бірінші қаңтарында қазақстандықтар осы жүйеде медициналық қызметті пайдаланатын болады.

Похожие материалы