Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр: Бизнес бастауға мүдделі жастардың 19 млн теңгеге дейін микрокредиттер алуға мүмкіндігі бар

Министр: Бизнес бастауға мүдделі жастардың 19 млн теңгеге дейін микрокредиттер алуға мүмкіндігі бар
Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  Бақытжан Сағынтаев пен Мәдина Әбілқасымова Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның оқу орталығында студенттер жиынына қатысты. Жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жастарға берілген мүмкіндіктер туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінгі күні оқи алмаған жастар еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша 6 айға дейін тегін білім алады. Сондай-ақ өз бизнесін ашуға мүдделі жастар жеті жыл мерзімге 19 млн теңгеге дейін микрокредиттер алуға мүмкіндіктері бар. Стартаптар үшін кәсіпкерлікке арналған «Бастау-Бизнес» тегін оқыту курсы ашылды, онда 12 айға дейін бизнес-жоспарларды дайындау және бизнес-жобаны қолдауға барлық көмектер көрсетіледі» -деді министр.

Мәдина Әбілқасымова басқосуда «жастар практикасы» туралы да еске салып, оның аясында жас мамандар алты ай ішінде тәжірибе жинақтап, мемлекет есебінен жалақы алады.

Похожие материалы