Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр нан бағасының қымбаттауының себебін түсіндірді

Министр нан бағасының қымбаттауының себебін түсіндірді

Астана. 11 қазан. 7kun.kz – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, нан бағасына жинақтаушы бөлшектер, электр энергиясы, дизельдік отын және коммуналдық қызметтердің қымбаттауы әсер еткен.

«Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз. Жалпы, бағаның шарықтауына негіз жоқ. Өйткені ұн былтырғымен салыстырғанда көбірек өндіріледі, бидай көп, тіпті орташа жылдық өнімнен де жоғары. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы -  бидай. Бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнім, оның ішінде әлеуметтік ұн бағасын толығымен сақтаймыз», – деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда бір жылда нан бағасы 19%-ға қымбаттаған.

Похожие материалы