Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда жылына 40 мың адам ғана 10 сотық жер ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жекеменшік үйлер салынып жатыр. Жалпы өткен аптада біз Алматы облысында болған едік. Ол жақта салынатын тұрғын үйлердің 80 пайызын 10 сотық жерге салынатын жекеменшік үйлер құрайды. Бірақ, бүгінгі күні тізімде 10 сотық жер алғысы келетін адамдар өте көп", - деді министр.
Оның айтуынша, министрлк пен әкімшіліктер 10 сотық жерді инфрақұрымы тартылған жағдайда ғана беру туралы келісімге келген.
"Ал инфрақұрылым тартуға бюджеттен қаржы қарастырып, бөліп отырмыз. Әрбір облысқа 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Тізімде адам көп. Бірақ 10 сотық жерді жылына 40 мың ғана адам ала алады», - деді Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министр баспананы бастапқы жарнасыз несиеге алу тетігі Тұрғынүйжинақбанкінде қарастырылмағандығын атап өтті. Ол Тұрғынүйжинақбанкі арқылы баспанаға несие алу үшін міндетті түрде алғашқы жарна болуы қажеттігін айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024