Астана. 27 наурыз. 7kun.kz - Finprom.kz сараптама агенттігінің Ұлттық экономика министрлігі ақпаратына негізделіп жасалған зерттеуі бойынша, 2016 жылы металл өндіруші кәсіпорындарда жұмысшылар саны бес мың адамға қысқарған. Ал инвестиция және даму министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарады. Бұл туралы Sputnik басылымы жазды.
Finprom.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның тау-кен кәсіпорындарында кең көлемде қысқартулар жүргізіліп жатыр – бір жыл ішінде металлургтер саны бес мың адамға төмендеді, ал осы секторда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар екі есе азайған.
Алайда ҚР инвестиция және даму министрлігі Finprom.kz порталының бұл сарапатамасынан хабарсыз болып шықты. Инвестиция және даму вице-министрі Алик Айдарбаев басылымның ресми сұранысына берген жауабында бұл ақпараттың өтірік екенін жеткізіп, "Finprom.kz порталының тау-кен кәсіпорындарынан бес мың жұмысшының қысқарғаны туралы ақпараты шындыққа жанаспайды", — деп жазған.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, 2010-2016 жылдары тау-кен өндіру саласындағы жұмысшылар саны 193,7 мыңнан 290,1 мыңға дейін көбейген.
"Осылайша, жұмысшылар санының өсуі 96,4 мың адамды құрады, яғни Finprom.kz порталының ақпараты шынайы көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Тау-кен саласындағы қиындықтарға қарамастан, тұрғылықты өсім байқалады", — деп жазады Айдарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024