Британдық Expert Market бизнес-порталы өз бизнесін жүргізу мен өмір сүруге ең қолайлы жағдай жасалынған елдердің рейтингін жариялады. Бұл туралы Business Insider хабарлады.
Зерттеуде әлемдегі 57 елдің экономикалық ахуалы мен өмір сүру сапасы қарастырылған. Авторлар өмір сүру бағасы, интернеттің орташа жылдамдығы, көлік инфраструктурасының дамуы, тегін wifi-нүктелердің санын, бір кесе кофенің бағасын, жеке кәсіпкерлікке арналған салық мөлшері, бизнесті іске қосудың оңайлығы мен несиенің қолжетімділігі жайлы мәліметтерді жеке-жеке талданды.
Сарапшылар нашар көлік инфрастуктурасы мен интернеттің баяулығын ескере отырып, Оңтүстік Америкаға, яғни Перу, Эквадор, Аргентина және Уругвайға бармас бұрын, "екі рет ойлану" керектігіне кеңес береді. Аталған төрт ел де бизнес бастауда нашар позицияға ие.
Өмір сүру мен бизнес үшін қолайлы 13 үздік мемлекет (соңынан басына қарай)
13-орын
Португалия - несиеге қолжетімділік, жақсы көлік жүйесі және арзан кофе (1,02 фунт).
12-орын.
Франция — Париж және есепсіз көп кафелер, сондай-ақ өмір сүру индексінде үздік ел.
11-орын.
Латвия — Рига және Даугавпилста ең арзан кофе мен салық мөлшерінің төмендігі.
10-орын.
Чехия және оның астанасы Прага көптеген категорияларда жақсы көрсеткіштерге ие.
9-орын.
Болгарияда салық мөлшерінің төмендігі мен арзан кофе (бір кесе үшін 0,94 фунт)
8-орын.
Эстония — Таллинннің ерекшелігі оның арзан көлік жүйесіне қатысты.
7-орын.
Жаңа Зеландия. Австралия жас мамандар арасында танымал болып көрінсе де, оның көршісі Жаңа Зеландия арзан кофе, жылдам интернет және бизнесті бастауға арналған ең қарапайым процедураларға ие.
6-орын.
Испания мемлекеті жақсы көлік жүйесі, арзан кофе, Wi-Fi нүктелерінің көптігі және несие беруде қиындықтардың жоқтығымен ерекшеленеді.
5-орын.
Ұлыбритания. Лондон және Манчестер жақсы көлік жүйесіне ие. Ал тұтастай алғанда бұл ел - жергілікті банктердің несиелеріне қол жеткізудің арқасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолайлы орын.
4-орын.
БАӘ - кіріс салығы нөлдік мөлшердегі алғашқы ондықтағы жалғыз ел.
3-орын.
Оңтүстік Корея. Астанасы Сеул мен Пусан қаласы өмір сүру индексінде күшті позицияларға ие. Сондай-ақ, интернеттің жоғары жылдамдығы мен несиеге қолжетімділігі бар.
2-орын.
АҚШ-та тамаша көлік жүйесі, тегін wifi-нүктелерінің елде 559 мыңнан астам данасы бар, бұлар жұмыс барысын кәдімгідей жеңілдетеді.
1-орын.
Гонконг — қаржы орталығы және стартап бастау үшін керемет орын. Сондай-ақ, өз бизнесіңізді жүргізгіңіз келсе, өмір сүру үшін жақсы жер. Мұнда ең жақсы қоғамдық көлік желісі, кіріс салығының төмен деңгейі және интернетке қосылудың сапалы деңгейі қамтамасыз етілген.
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024