Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мишустин премьер-министр ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастады

Мишустин премьер-министр ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастады

Бүгін түнде Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыға ұшып келді. Бұл оның үкімет басшысы ретінде шетелге тұңғыш сапары.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Армания, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан үкіметінің басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы мен "Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы өтеді.

Мишустин ҚР Премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуі кезінде алғашқы сапарының Алматыдан басталуын символикалық мәні бар деп бағалап, екі елді ежелгі достық пен серіктестік байланыстыратынын атап өтті.

Мамин өз кезегінде ресейлік әріптесін тағайындалуымен құттықтап, оның командасына табыс тіледі.

Үкімет басшылары кездесу кезінде екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық қатынасының қарқынды дамуын талқылады.

Ресейлік БАҚ-ның хабарлауынша Мишустин бүгін Алматыда Беларусь, Армания мен Молдованың үкімет басшыларымен кездеседі.

Похожие материалы