Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz - «Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының пікірінше бағдарлама теңдессіз.
«Бұл бағдарлама тұрғындар үшін өте жағымды жаңалық. Өйткені 7 пайызбен 25 жылға арзан ипотека алу мүмкіндігі пайда болды. Мен мұны теңдессіз бағдарлама деп айтар едім. Алайда оның қалай жүзеге асатынын білмейміз. Әзірге тек банктер арқылы берілетін ипотекалық кредиттерді сатып алумен айналысатын Ұлттық банктің еншілес ұйымы құрылатыны туралы айтылды», - деді ол бүгінгі баспасөз мәслихатында.
Ол сондай-ақ бұл схеманың күрделі екенін атап өтті.
«Барлық процесте имплементация мен мониторинг күрделі. Біз қарапайым схема ұсынамыз: банктер арқылы стандартты ақша орналастыру. Мысалы: 3% ставкамен плюс қаржы институтының маржасы - 4%. Несие алушы үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі – 7%. Мұндай жағдайда бағдарлама қаржыны жылдам игеруге және қаражатты бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарлама 2009 жылы елімізде болған. Ол кезде қаражат бірнеше айда-ақ игерілген»,- деді Шаяхметова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024