Қазақстан. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан азаматтары көп пайдаланатын мобильді қосымшалар мен сервистерге жаңа талап енгізілуі мүмкін. Ол бойынша қосымшаларды әзірлеушілер мәзірге қазақ тілін қосу керек болады. Бірақ әзірге ол тек талқылау сатысында тұр, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Осы кезеңде біз 2GIS немесе Яндекс секілді көп пайдаланатын қызметтерге осындай талаптарды енгізуді қарастырудамыз. Егер олар біздің экономикада жұмыс істегісі келсе, онда біз қазақ тілін енгізу туралы осындай ұсыныс жасаймыз. Екінші жағынан, талаптар заң арқылы енгізілсе, мысалы, қазақ тіліндегі нұсқасы болмасв Instagram немесе басқа әлеуметтік желі жабылады. Ал сосын тұрғындар тарапынан неге жаптыңдар деген сұрақ туындайды. Сондықтан бұл қиын мәселе. Бірақ оны біртіндеп пысықтайтын боламыз», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Қазақстан неліктен мұндай өнімді өзі шығара алмайды деген сұраққа министр бұл үшін білікті IT мамандар, тиісті экожүйе мен қолайлы жұмыс жағдайлары қажет екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024