Мобилизациядан жалтарған ресейліктер еліне қайтарыла ма – министр жауабы
Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мобилизациядан жалтарған ресейліктерді еліне қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ресеймен құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды алмастыру және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша шарттар бар. Бізде де, Ресейде де ең маңызды қағида – қылмыстық іс. Сонымен қатар, іздестіру жарияланған жағдайда оларды анықтап, Ресейге экстрадициялау тәртібі бойынша қайтарамыз», – деді Марат Ахметжанов.
Ол әскерден қашқаны туралы қылмыстық іс қозғалмаған жағдайда, экстрадиция жасалмайтынын атап өтті.
«Мәселе мобилизацияда емес, мен тіркелген, санкция берілген және халықаралық іздеуге салынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып отырмын. Ал әскери комиссариат іздейтін болса, бұл адамды беруге құқықтық негіз бола алмайды», – деді Ахметжанов.
Айта кетейік, ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік кірген. Ал Қазақстаннан шығып кеткен ресейліктердің саны 64 234 адам. 21 қыркүйектен бері 8 мың резидент емес адам жеке сәйкестендіру нөмірін алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024