Үш молдовиялық банк жалпы сомасы 929 мың еуро болатын үш несие берген және бұл ақшалар сол сәтінде жоғалып кеткен деп жазады Le Monde басылымы.
"Молдова банктерінен миллиард доллар қалай жоғалып кетуі мүмкін? Кишинев билігі мұны білу үшін өте қымбат төледі. 4 млн халқы бар кішігірім ел үшін бұл қаржы ЖІӨ-нің 12,5%-на тең", - деп жазады басылым.
Молдовияның Орталық банкі үш банк мекемесінің жалпы сомасы 927 млн еуро болатын несие бергенін анықтайды. Транзакция 2014 жылдың 30 қарашасындағы парламент сайлауынан бірнеше күн бұрын жүргізілген. Несие алушыар нақтыланбаған.
"Мен осындай кішкентай елде осындай үлкен соманы қалай ұрлап кетуге болатындығын түсінбеймін", - дейді ЕО-ның Молдовиядағы өкілі Пиркка Тапиола. Осы істі зерттеуге кіріскен парламент комиссиясының мәліметінше, қаржының жартысы 4 ресейлік банкке аударылған деп жазады мақалада.
Социалистік оппозицияның лидері Игорь Дононның сөзінше, бұл қаржылар оффшорлы есепшоттарда және басынан-ақ ақшаларды ешкімнің қайтаруға тырыспайтындығы белгілі болған. Бас прокуратура тергеу бастады. Әзірге, аты-жөндері аталмаған екі адам алдын-ала қамауға алынды және тағы да бірнеше адамның мүлкі тәркіленді деп хабарлайды басылым.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024