Халықаралық Moody’s рейтинг агенттігі 2016 жылдың соңына дейін 20 пайыздық теңге девальвациясы болады деген болжам жасады. Бұл туралы LS хабарлайды.
"2016 жылдың соңында Қазақстанда 20 пайыздық теңге девальвациясы болса, Өзбекстанға қарағанда Қазақстан банктерге жоғары қысым түседі. Алайда, жалпы ТМД елдерінің банктеріне қарағанда азырақ зардап шегеді", - делінген агенттік хабарламасында. Moody’s сарапшылары алдағы 2 жылда Ресейдегі тоқырау мен мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан банктеріне және тағы бірнеше ТМД елдеріне жағымсыз ықпал көрсетеді деп мәлімдейді. Агенттік осы жылы Ресей ЖІӨ-і 3%-ға азайып, 2016 жылы нолдік өсім көрсетеді деп күтуде. Бұған 2015 жылы Brent маркалы мұнай 60 доллар, 2016 жылы 65 доллар болады деген болжамдар себеп. "Біз мұнай бағасының төмендеуі мен Ресейдегі рецессия ТМД елдерінің банктеріне жергілікті валютаға қысым түсу, ақша айналымдарының төмендеуі және Достастық елдерінен РФ-ға экспорт көлемінің азаюы арқылы әсер етеді деген пікірдеміз", - деп атап өтті Moody’s сарапшысы Лев Дорф. Сондай-ақ, сарапшылар девальвацияға қатысты негізгі проблеманың бірі шетелдік валютада берілген үлкен көлемдегі несие деп есептейді. Көп жағдайда олардың валюталық табыстары болмайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024