Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Moody's агенттігі Даму рейтингілерін Baa3/P-3 деңгейінде және «тұрақты» болжаммен растады.
Moody’s Investors Service Халықаралық рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін ұлттық және шетел валютада «Baa3/Prime-3» деңгейінде растады, ұлттық шкала бойынша рейтингтер «Aa1.kz» деңгейінде. Эмитент бойынша болжам «Тұрақты» күйінде қалды.
Moody's агенттігінің сарапшылары мемлекет міндеттерін орындауда Қордың рөлін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қаржылай қолдау көрсетудің негізгі құралы ретінде белгілеп, Қордың Қазақстан Үкіметімен айтарлықтай жоғары табыстылықты қамтамасыз ететін «Бәйтерек» бас холдингісі арқылы байланысын атап өтті.
«Даму» Қоры үкіметтік және басқа да ресурстарды кәсіпкерлікті дамыту мақсатында екінші дәрежелі банктер мен микроқаржы ұйымдарына бөлу жөніндегі оператор қызметін атқарады. Қордың қазіргі кездегі мәртебесі Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін өзінің іскерлік тауашасын қамтамасыз етеді және оны бәсекелестіктен қорғайды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024