Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Moody's Қазақстанның банк жүйесіндегі болжамын «тұрақтыдан» «оң» деңгейге дейін өзгертті.
Агенттіктің ақпараты бойынша, бұл қаржылық институттардың капиталдандыру деңгейін және активтер сапасын жақсарту, сондай-ақ өтімділіктің жоғары деңгейімен байланысты.
«Бұл оң өзгерістер қазақстандық банктердің 12-18 айдың болжанған кезеңінде несиелік қабілеттілігін айқындайды. Экономикалық өсудің баяу қарқыны мен жоғары пайыздық мөлшерлемелер несиеге деген сұранысты шектейтін болады, ал жекелеген банктердің несие қабілеттілігі әлсіз болып қалады», - деп түсіндірді Moody's вице-президенті Владлен Кузнецов.
Мемлекет ұсынған қаржылық қолдаудың арқасында банктер проблемалық кредиттерді өндіріп алу немесе есептен шығару бойынша жұмыс жүргізуге, сондай-ақ несие бойынша ықтимал шығындарға қажетті резервтер құруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, Moody's Қазақстанда несиелендірудің ұлғаюы проблемалы кредиттердің үлесін ішінара қысқартуға алып келеді, өйткені жаңа несиелер жоғары сапаға ие екенін атап өтті.
Сарапшылардың болжамы бойынша, банктердің табыстылығы таяудағы 12-18 ай ішінде біршама артады, өйткені пайыздық маржаның төмендеуінің теріс әсері комиссиялық табыстың өсуімен және тиімділіктің артуымен өтеледі.
Бұдан басқа, агенттіктің болжамы бойынша Қазақстан экономикасы 2019-2010 жылдары орташа қарқынмен жылына 3-4%-ға өседі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024