Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын. Қор медициналық сақтандыру саласындағы озық тәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жүйені дамыту жұмыстарын тоқтатпайды. Бұл туралы Алматыдағы медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов хабарлады.
Қор басшысының айтуынша, алдағы жылы Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат бір жарым есе өседі.
«Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы қала тұрғындарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін тегін медициналық көмекке 114,9 млрд теңге бөлінген болса, келесі жылы бұл сома 160,4 млрд теңгеге жетпек», - деді А. Жұмағұлов.
МСҚ төрағасының сөзінше, бұл медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен тығыз байланысты.
Жақында толық іске қосылатын реформаның негізгі мақсаты - медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондықтан реформаны ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына басты назар аударылады. Осыған байланысты Алматы әкімдігі тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
«Реформа қарсаңында қала тұрғындарының МӘМС жайлы білу деңгейін көтеруіміз қажет. Әсіресе, биресми жұмыс істейтін азаматтардың статусын анықтаудың маңызы зор. Сол себепті әр тұрғынға дұрыс мәлімет беру, сондай-ақ, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап беру реформаның табысты жүзеге асырылуына септігін тигізеді», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Сонымен қатар, Медициналық сақтандыру қоры жуық арада жеке байланыс орталығын іске қоспақ. 1406 бірыңғай байланыс орталығы сарапшылары халыққа медициналық көмек пен сақтандыру жарнасына қатысты жан-жақты мәлімет беріп, жұртшылықтан түскен арыз-шағымдармен айналысады.
Еске сала кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ - кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің қаржы операторы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024