Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mudarabah capital ісі: вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Mudarabah capital ісі: вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Қаржы пирамидасына қатысы бар деп күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты күзетпен қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін 2 ай мерзімге ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысы бар деп вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынған. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері - 2 миллиард теңгедей.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов шығын көлемі 5 млрд теңге болды деп мәлімдеген. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде, танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған. 

Похожие материалы