Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова елордалық білім басқармасының алқа мәжілісінде бес күндік жұмыс аптасын енгізу мәселесі осы жылы түпкілікті шешілетіндігін хабарлады.
«Қазіргі уақытта ұстаздар қауымын 5 күндік жұмыс аптасы алаңдатып отыр. Бұған дейін БАҚ-та Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзі жарияланды. Онда министрлік әрбір мектептің педагогикалық кеңесте типтік оқу жоспарын, сыныптар санын ескере отырып, 5 күндік жұмыс аптасына ауысуды ұсынады. Мұнда өзге шешімнің қажеті жоқ», - деді Фатима Жақыпова.
Сонымен қатар, ол егер мектеп бескүндікке ауысса,
мұғалім сенбі күнін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы екенін атап өтті.
«Мұғалімдер сенбі күндерін үйде отбасымен бірге өткізе алады. Сондықтан, бұл бес күндік жұмыс аптасы мәселесі жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймыз. Бұл - мұғалімдер тарапынан ең жиі қойылатын сұрақ, сондықтан мектеп әкімшіліктеріне осы мәселені қолға алуды өтінеміз. Оның үстіне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсібінен тыс жұмысқа салмауды тапсырды», - деді вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024