Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге барынша жағдай жасалған. Польшадан келген халықаралық байқаушы Виолета Поровска сайлау туралы осындай пікір білдірді.
«Мүгедек адамдарға дауыс беруге жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға позициясын білдіруге бар мүмкіндік берілді. Мен жабық учаскеде, №4 ауруханада болдым. Ол жерде жүре алатын науқастар өздері барып дауыс берсе, төсекте жатқан науқастардың конституциялық құқығын пайдалануға да мүмкіндік берілді», - деді ол.
Ол, Алматыдағы 3 ашық, 1 жабық учаскеде байқаушы болды.
Айта кетейік, жалпы сайлауды бақылауға Алматыға 80 халықаралық бақылаушы келді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024