Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz — Сегізінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленістің күшеюі жаһандық экономикалық өсімді баяулатып, отынға деген сұраныс бойынша болжамдарға теріс әсер етуі мүмкін деген қауіптен мұнай бағасы төмендейді, деп хабарлайды investing.com. 23:04-тегі жағдай бойынша WTI мұнайының бағасы барреліне 0,59%-ға дейін азайды. Brent мұнайының фьючерстері барреліне 0,85 долларға немесе 1,19%-ға дейін төмендеді.
Металдар: 23:05-тегі жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,13%-ға өсіп, бір троялық унциясы 1 285,35 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,23%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,8 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:06-да bitcoin 5 945 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 3,29%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 105,1 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,79%–ға қымбаттап, 174,68 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 18,5 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 184,5 млрд доллар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024