Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай сәл қымбаттады, Brent бағасы барреліне 120 доллардан асты

Мұнай сәл қымбаттады, Brent бағасы барреліне 120 доллардан асты

Мәскеу. 30 мамыр. 7kun.kz - Дүйсенбіде мұнай бағасы Қытай карантиндік шектеулерді жеңілдетеді деген үміттің аясында көтеріле бастады.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері Алматы уақытымен 11:14-те барреліне 120,23 долларға дейін 0,8 (0,67%) қымбаттады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сессиясында шілдеге арналған WTI фьючерстерінің құны $0,87 (0,76%) - барреліне $115,94-ке дейін өсті.

Шанхай билігі қаладағы барлық өндіріс орындары маусым айынан бастап жұмысын қалпына келтіре алатынын мәлімдеді, деп хабарлады Bloomberg. Бейжің өз кезегінде Қытай астанасында коронавирустың таралуы бақылауға алынғанын айтты. Бұл жаңалық мұнай бағасының сәл қымбаттауына әсер етті.

Нарық сонымен қатар еуропалық елдердің Ресей мұнайының жеткізіліміне эмбарго енгізу туралы келіссөздерді бақылап отыр. Жексенбі күні ЕО Венгрияның бұл шешімді қолдаудан бас тартуына байланысты Ресей Федерациясына қарсы тағы бір санкциялар пакетін келісе алмады және консультациялар осы аптада жалғасады.

ЕО басшылығындағы Bloomberg дереккөзі, Еуропа елдері арасындағы келісім әлі де мүмкін және жақын күндері қол жеткізуге болады деп санайды.

«Менің ойымша, 30-31 мамырда өтетін ЕО саммитінен кейін алыпсатарлар нарықтың көтерілуіне дайындалып жатыр деп айту артық айтқандық емес», - дейді Стивен Иннес, SPI Asset Management басқарушы серіктесі.

Похожие материалы