Экономика
"Қазмұнайгаздың" хатынан кейін доллар 360 теңге болады деген сыбыс тарады
Осы аптада WhatsApp сервисі арқылы "ҚазМұнайГаз» АҚ басшылығының еншілес мекемелерге бағытталған хаты тарап кетті. Онда мұнай бағасы -30 доллар, доллар курсы - 360 теңге есебімен 2020 жылға дейінгі даму жоспарларын ұсыну туралы тапсырма берілген.
Хаттағы сандар бірден қазақстандықтардың назарын аударып, 2020 жылға дейін доллардың құны 360 теңге, мұнай бағасы 30 доллар болады екен деген сыбысқа арқау болды. Әлеуметтік желіде талқыға түскен хат БАҚ-ның да назарын аудартқан еді.«Радиоточка» сайты мән-жайын анықтамақ болып, "Қазмұнайгазға" ресми хат жіберген. Сайттың сұрағына халыққа тарап кеткен шулы хатқа қол қойған басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев ол жерде ешқандай құпия жоқ деп жауап беріпті.
"Бәріміз білетіндей мұнай бағасының күрт төмендеуі әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуде. Әсіресе, шикізат өндірісіне тәуелді елдер үшін оңай болып жатқан жоқ. Бұған Қазақстанның да қатысы бар. Менің қолым қойылып, халық арасында кең таралған хаттың қандайда бір құпиясы жоқ. Адамдарды дүрліктірудің кімге қажеті бар?! Хат ашық каналдар арқылы біздің еншілес ұйымдарға жеткізілді. Хатта жазылған ақпарат біздің қызметтік перспективалы, стратегиялық жоспарымыз үшін пайдаланылады",-дейді ол.
Сондай-ақ, ол осындай сценарийлер арқылы шығындарды алдын алуға болатынын айтады. "ҚазМұнайГаз" ұлттық операторы "мүмкін болатын" нәрселерге үміт арта алмайды. Еліміздің экономикасы бізге байланысты болғандықтан алда болатын шығындарға жол бермеуіміз керек", - деді Данияр Берлібаев.
Фото: radiotochka.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024