Әлемдік мұнай бағасы өсуін жалғастыруда. WTI маркалы мұнайдың бағасы 2015 жылдың 4 қарашасынан кейін алғаш рет 48 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ал Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерс бағасы Астана уақытымен 7:54-те 0,2%-ға артып, баррелі 49,20 долларға дейін қымбаттады.
WTI маркалы қара алтынның маусым айына арналған фьючерстік құны 0,9%-ға көтеріліп, 48,15 долларды құрады.
Сарапшылар мұнай бағасының өсуі Нигерия, Канада және Венесуеладағы шикізат тасымалының қысқаруымен байланысты екенін айтады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Энергетика министрлігі маусым айында тақтатас мұнайын 113 мың баррелге қысқартатынын мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024