Дүйсенбі күнгі кеште мұнай бағасы біртіндеп көтеріле бастады. Себебі нарыққа қатысушылар сәуір айында ОПЕК елдері мен оған мүше емес мемлекеттер мұнай көлемін қалыпты сақтауға келісуі мүмкін дегенді жоққа шығарып отырған жоқ, деп хабарлайды Bloomberg.
Сондай-ақ, нарықтағылар АҚШ-тағы мұнай өндірісі көлемінің қысқаруына да болжам жасап отыр.
Сонымен, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерс бағасы Астана уақытымен 20:00-де 0,16 (0,41%) долларға көтеріліп, барреліне 38,83 долларды құрады.
WTI мұнайының мамыр айына арналған фьючерс бағасы Нью-Йорктың тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада 0,33 долларға жоғарылып, (0,9%) - 37 доллар болды.
Goldman Sachs ақпаратына сәйкес, АҚШ-тағы мұнай өндірісі 2017 жылға қарағанда осы жылы біраз қысқарады. Банк сарапшыларының сөзінше, 2016 жылы шикізат көлемі орташа есеппен тәулігіне 705 мың баррелді құрайды. Ал 2017 жылы тәулігіне 375 мың баррелге қысқаруы мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024