Нью-Йорк. 1 наурыз. 7kun.kz - Мұнай бағасы тұрақтылығын сақтауда. Бұл Қытайдың өңдеуші өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділіктің төмендеуіне қатысты хабарламаға сәйкес болып отыр.
Сонымен Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерс бағасы Астана уақытымен 11:00-де 0,1%-ға қымбаттап, барреліне 36,62 долларға бағаланды.
Ал WTI мұнайының сәуір айына арналған бағасы Нью-Йорк тауар биржасында 0,3%-ға артып, барреліне 33,86 доллар деп белгіленді.
Айта кетейік, Қытайдың өңдеуші өнеркәсібіндегі PMI ресми индексі ақпан айында соңғы төрт жылда болмаған минимумға дейін төмендеп, 49 пункт болды. Ал қаңтар айындағы көрсеткіш 49,4 пункті құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024