Сауда сессиясы басталғалы бері Brent маркалы мұнайдың фьючерсі 3,4%-ға өсіп, барреліне 44,35 доллардан саудаланып жатыр. Бұл 2016 жылдың басынан бергі ең жоғарғы баға. Қаңтардың соңынан бері баға 50 пайызға өсті деп жазады vlast.kz.
Сарапшылардың сөзінше, баға одан әрі жоғарылай қоймауы мүмкін. Бір баррельдің құны 45 доллардан асқанда-ақ америкалық сланцты мұнай өндірушілер нарыққа шығып, бағаны төмендете бастайды. Өзге мамандар тобы АҚШ-тағы өндірісі көлемінің төмендеуі мен сланцты мұнай өндірушілердің қиындықтарына байланысты баға жоғарылауы мүмкін деген пікірде. Жалпы алғанда нарық қара алтын құнының алдағы өсіміне қатысты түрлі көзқараста, бірақ барлығы да баға тар дәліздің шеңберінде болады дегенмен келіседі. Олардың сөзінше, Brent-тің орташа бағасы 37-49, ал жол соңына қарай 43-59 доллар көлемінде болуы мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024