Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Жарты жылда Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 1,29 трлн теңгеге келісімшарт жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе артық.
2019 жылдың 1 шілдесіне МЖӘ бойынша жалпы құны 1,29 трлн теңге болатын 565 келісімшарт жасалды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 866,7 млрд теңгеге 279 келісімшарт жасалды.
Жасалған келісімшарттардың негізгі үлесі жергілікті деңгейге келеді және шарттардың жалпы санының 98,4%-ын құрайды. Олар бойынша жеке инвесторлардың инвестиция көлемі 570,9 млрд теңгені, ал инвестициялық шығындарға байланысты мемлекеттік міндеттемелер – 177,5 млрд теңгені құрады. Өткен жылы республикалық ауқымдағы 7 жоба және жергілікті деңгейдегі 272 жоба жасалды.
2005 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі жобалар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, онда 145 келісімшарт жасалды, бұл МЖӘ жобаларының жалпы санының 26%-ын құрайды. Екінші және үшінші орында 53 келісімшартпен (9,5%) Алматы және Павлодар облыстары.
Салалар бөлінісінде барлық уақытта МЖӘ жобаларының ең көп саны білім беру саласына тиесілі – 48,6%. Денсаулық сақтау саласындағы жобалар саны жағынан екінші орында (20,5 %). Үшінші орынды ТКШ алады – барлық санның 11,5%.
Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы тұрғысынан ТКШ саласы көш бастап тұр – 88 млрд теңге, келісім-шарттар саны бойынша үшінші орында тұрғанына қарамастан. Екінші орында мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 86 млрд теңге, үшінші орында – білім беру 59 млрд теңге.
Ағымдағы жылдың 6 айында 103 млрд.теңгеге 46 Жергілікті келісімшарт жасалды, өткен жылдың осы кезеңінде 555,8 млрд теңгеге 65 келісімшарт жасалды. Оның ішінде 40,1 млрд теңгеге 62 жергілікті жоба бар. Ең көп шарттар Алматы облысында – 10, Қызылорда облысында – 7, Павлодар облысында – 6 және Ақмола облысында – 5 шарт жасалған. Сонымен қатар, 2019 жылы бірде-бір шарт жасалмаған өңірлер бар. Оларға Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024