Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев Алматыдағы атысқа "теракт" деген баға берді

Н.Назарбаев Алматыдағы атысқа "теракт" деген баға берді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда болған атысқа теракт деген баға берді. Бұл туралы ол Қауіпсіздік кеңесінің отырысында хабарлады.  Мемлекет басшысы қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. "Бүгін Алматыда террористік акт болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтамын, оларға сәйкес психологиялық және материалдық қолдау көрсетілуі керек. Құқық қорғау органдарына қалада тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар жүргізуді тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты. Құзырлы органдардың хабарлауынша, күдіктінің сыбайластары да болуы мүмкін. Кейінірек күдіктілердің біреуін тұтқындады. Қалада антитеррорлық операция жарияланған, террорлық қауіптің «ең жоғары» деңгейі жарияланды. Азаматтардан көшеге шықпауларын сұрайды. Алдын-ала мәлімет бойынша, 3 полицей қызметкері және бір бейбіт тұрғын қайтыс болған.

Похожие материалы