Экономика
Н.Назарбаев: Қашаған - соңғы 50 жылдағы әлемдік энергетика саласындағы ең елеулі оқиға
Атырау. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Қашаған кен орнының ашылуы соңғы 50 жылда әлемдік энергетика саласындағы ең елеулі оқиға. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы отандық және шетелдік мұнай-газ компанияларының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде мұнай-газ индустриясының айрықша маңызы бар екенін атап өтті. – Қашаған кен орнының ашылуы соңғы 50 жылда әлемдік энергетика саласындағы ең елеулі оқиға болды. Онда 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейінгі мөлшерде мұнай және 3 трлн текше метрдей газ қоры бар деп жобалануда. Қашаған қазақстандықтардың игілігін еселей түсетін тағы бір ірі жоба болып саналады. Баршаңызды осы кен орнының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастық пен ашық әріптестіктің жарқын мысалы екенін айтты. Cондай-ақ, ол Қашаған кен орнын игеру аясында Қазақстанда кеме құрастыру сияқты жаңа саланың пайда болғанын да атап өтті. – Теңіз операциясына қолдау көрсету флотының базасы, сондай-ақ мұнай төгілген кезде жұмыс жүргізетін экологиялық база құрылды. Осылайша, біз кен орындарын пайдаланудың қарқынды кезеңіне көштік. Бұл межемен шектелмей, тезірек оның жобалық қуаттылығын қамтамасыз ету маңызды, – деді Қазақстан Президенті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024