Экономика
IT, Технология
Н.Назарбаев: Бүгінгі той батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету үшін өткізіліп отыр
Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі тойдың батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету үшін өткізіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz
Айта кетейік, мерекеге байланысты осы жылы республикамызда түрлі мәдени-көпшілік жиындар, спорттық байқаулар, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, тарихи көрмелер ұйымдастырылған болатын. Негізгі тарихи мерекені тойлау Астана және Тараз қаласында өтетін болады.
Мемлекет басшысы сөз басында Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы тоймен шын жүректен құттықтады.
«Қазіргі бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өзі үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мына алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгін той ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым етіп, ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отыр», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, салтанатты жиынға Қазақстан Президентімен қатар Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия мен Түркіменстан мемлекеттерінің уәкілдері қатысуда.
Салтанатты жиналыстан кейін,«Қазақ хандығы - Мәңгілік ел» атты мерейтойға арналған кітап көрмесі және «Ұлы даланың мәңгілік тарихы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жалғасын табады. Назарбаев Университетінде мыңнан аса шетелдік және қазақстандық ғалымдардың қатысуымен «Мәңгілік ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Күннің ең басты іс-шарасы«Барыс» көпқұрылымды мұз айдынында өтетін«Мәңгілік ел» театрландырылған көрініс болмақ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024