Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастығының XII форумында Ресей президентімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев халықты дағдарысқа түсіністікпен қарауға шақырды. Бұл туралы «Казинформ» хабарлайды.
«Біздің аймақаралық кезедсуіміздің үлкен мәні бар. Әсіресе, экспорт бағалары түсіп, валюта бағамдары құбылып, сауда-саттық азайып, экономикамыз қиын жағдайда тұрғанда бірігуіміз керек. Біздің үкімет бұл қиындыққа байланысты аз жұмыс атқарған жоқ. Бүгін екі елдің ортақ мәселелерін шешуге мүмкіндік туып отыр», - деді Елбасы.
«Біз бірінші рет дағдарысты бастан кешіп отырған жоқпыз. Сауда көлемін көтеру мақсатында, жағдайға түсіністікпен қарап, жаңа бағытқа ауысуымыз керек»,- деп атап өтті ол.
В. Путин өз кезегінде Қазақстан мен Ресейдің аймақтық жетекшілерінің кездесуі екі ел үшін маңызды екенін, Сочиде болатын Олимпиада ойындарына қатысты нысандардың Қазақстан делегеттарына қызықты болатынын айта кетті.
«Қазақстан азаматтары Сочиге байланысты репортажды қарап, біздің шығыс курортымызға қызығушылық танытатынына сенімдімін», - деп түйіндеді Путин.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024